Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды қаласының экс-әкімі екі айға қамалды

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2014
  • 808

Қарағандының экс-әкімі Мейрам Смагұлов 2 айға қамалды. Мұндай шешімді Қазыбек би аудандық соты бүгін шығарды. Судья Еркеш Маукеннің үкіміне сай, сот 307-баптың 4-бөлімі бойынша Смағұловты екі айға қамауға алуға санкция берді. Қамауға алу мерзімі 2014 жылдың 1 қазан айынан бастап есепке алынады.

Еске салайық, Қарағанды қаласының экс-әкімі Мейрам Смағұлов ұсталғаны белгілі болды. Бұрынғы шенеунікке қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деген айып тағылды.

Еркін ҚАРИН