Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда жаңадан салынған жол құрылысының талаптары сақталмаған

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2014
  • 1204

Қостанайдағы бір ай бұрын күрделі жөндеуден өткен Чехов көшесі тұрғындарға қолайсыздық тудырып отыр. Жолды жөндеушілер суағар жүйесін дұрыс салмаған. Соның салдарынан жаңбыр суын кешіп өтуге мәжбүрміз, - дейді тұрғындар.

Жаңбыр жауса болды, тар соқпақтың жиегі сумен көмкеріліп, көпшіліктің жолы бөгеледі. Өтпе жолдан өте алмай қиналатындардың көбісі - оқушылар мен осы маңдағы колледж шәкірттері. Олар үнемі аяқ киіммен су кешіп, азаптанады. Қала тұрғындары тұйық көше бойына тым болмаса адам жүретін жол салып беруді өтінеді.

Кеше оқушылардың барлығы осы суға батып, аяқтарын тоңдырды. Бүгін енді, солардың көбі ауырып та қалған шығар.

Облыс басшысына дейін осы мәселені жеткізу үшін хат жаздық. Бізге осы балалар өтетін тротуар істесе болды. Басқа ештеңе керек емес.

Заңғар САНАЙ