Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраулық шекарашылар браконьерлердің жолын кесті

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2014
  • 1013

Атыраулық шекарашылар бекіре балығына қол салмақ болған браконьерлердің жолын кесті. Шекарашылардың дерегіне сай, 3 қайыққа топтасқан 13 жігіт бес қаруын сайлап, Каспий теңізін бетке алған. Барлығы - Атырау облысының тұрғындары. Оларды қолға түсірген кезде, қайықтарында бағалы балықты аулауға арналған аудың сан түрі кездесіпті. Оңай олжа тапқысы келгендер шекарашылырдың ескертуіне құлақ аспаған. Сондықтан, оларға қарсы оқ атуға тура келді. Қазір іс Ұлттық Қауіпсіздік Комитетіне жіберілген.

Талғат Төребаев, 2201/г әскери бөлімінің командирі:

Олар, біріншіден шекара бұзушылықпен ұсталды. Себебі, шекарашылар тоқтатқан кезде тоқтамай оларға қару жарақ қолданды. Бірақ, зардап шеккендер жоқ. Шекара Каспий теңізінен 12 мил, 25 км, біз оларды 50 км ұстадық, бұлар шекара бұзып шығып кеттік.

Айта кетейік, Атырау облысында «Бекіре» шарасы басталғалы бері 51 заңсыз балық аулау оқиғасы тіркелді. Сондай-ақ, браконьерлер мен алыпсатарлардан үш келі қара уылдырық, 1 тонна 400 келі балық, оның ішінде 500 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленген.

Базаркүл ІЗІМОВА