Русский Сайттың толық нұсқасы

Құқық қорғаушылар ақшалай марапатты жергілікті бюджетте бекітуді ұсынды

  • AstanaTV
  • 12 қаңтар 2016
  • 1564

«Заң бұзушылық туралы дер кезінде хабар берген азаматтарға берілетін ақшалай марапат жергілікті бюджетте бекітілуі керек». Қазақстандық құқық қорғаушылар бүгін осындай ұсыныстарын жеткізді.

Мамандар «100 қадам» Ұлт жоспарында құқық қорғау саласында дамыған мемлекеттердің озық тәжірибелерін қолдану қарастырылғанын айтады. Мысалы, Жапония тәжірибесі бойынша ірі қалалардағы шеткері аумақтарда полицей бекеттерін орнату жоспары бар. «Еліміздегі шаһарларда ондай шағын бекеттер бар, алайда негізінен қала орталығында ғана», - дейді мамандар. Полицейлер ұлт жоспарындағы реформаларды іске асыратын мамандарды оқыту ісін де ерекше атады.