Русский Сайттың толық нұсқасы

"Астана" велокомандасы "Бейжің" турына қатыспайды

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2014
  • 981

"Астана" велокомандасы "Бейжің" турына қатыспайды. Жуырда белгілі болғандай команда спортшысы қазақстандық Максим Иглинский тиым салынған дәрі қолданған. Салдарынан, ережеге сәйкес, бүкіл команда жарысқа қатыса алмайды. Спортшының ағзасынан алынған қан құрамында допинг табылды. Максим Иглинский әзірге уақтыша командадан аластатылды. Егер "Б"сынамасы да оң нәтиже берсе, онда "Астана" клубы-спортшымен келісімшартты бұзуға мәжбүр болады. Естеріңізге сала кетейік, бұан дейін Максим Иглинский інісі Валентин Иглинский тиым салынған дәрі-дәрмек қолданғаны үшін командадан қуылған. "Астана" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров: "Біз таза велоспорт үшіні күресеміз. Егер спортшымыздың кінәсі дәлелденсе, оған қатаң шара қолданылады",- деп кесіп айтты.



Қытай астанасы Бейжіңде теннистен халықаралық турнир жалғасуда. Дәрежелі жарыстың бас жүлдесінен дәмелі Ұлыбритания спортшысы Энди Маррей жартылай финалға жолдама алды. Ширек финалда Маррей-Хорватия теннисшісі Марин Чиличпен ракетка түйістірді. Бірінші сетте 6-1 есебімен үздік шыққан Тұманды Альбион елінің өкілі үзілістен кейінде ұпай санын арттырды. Өз кезегінде болмашы қателіктерге бой алдырып, қарсыласының қарқынына төтеп бере алмаған Чилич дәрежелі жарыстан шығып қалды.

Сондай-ақ, өз кездесулерінде жеңіске жеткен Новак Джокович пен Томаш Бердых келесі кезеңге сүрінбей өтті.

Самат  ҚАНАҒАТОВ