Русский Сайттың толық нұсқасы

Эбола безгегі Ұлыбритания, Франция мен Бельгияға жетуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2014
  • 1744

Қазан айының 24-нен бастап Эбола безгегі Ұлыбритания, Франция мен Бельгияға жетуі мүмкін. Осылай деп Бостон университетінің ғалымдары болжам жасады.

Испания мен Швецияға да безгектің таралу қаупі төніп тұр. Алайда соңғы елдерде вирустың таралу қатері тек 14 пайызды құрады. Франция мен Ұлыбритания да әуе қатынасын шектесе, Эболадан құтылуы мүмкін, дейді ғалымдар. Әзірге екі елде безгекті жұқтырған бір-бір науқастан бар. Осы жылдың тамыз айында Франция үкіметі Air France әуе компаниясына Сьерра-Леонға ұшырылымын тоқтатуға кеңес берді.

Айта өтейік, вирус өршіп тұрған Батыс Африкадағы Либерия, Сьерра-Леоне сынды елдер. Сәкесінше, осы мемлекеттерге француздық туристердің сапарлауы молынан байқалады. Сарапшылар, жалпы таяу арада Эбола безгегін жұқтырғандар саны 550 мыңнан асады деп отыр. Әзірге дертке қарсы дәрі табылған жоқ, оған шалдыққандар жаппай қаза тауып жатыр.

Ләйла ҚАЗИЯҚПАРОВА