Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда шекарашылар браконьерлерге оқ жаудырды

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2014
  • 904

Қазақстандық шекарашылар браконьерлерге оқ жаудырды. Оқиға жексенбі күні Каспий теңізінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, үш су көлігінде заңсыз балық аулау дерегі анықталған. Оқ су көліктерінің моторларына қарата атылды.

Атырау облысының табиғатты қорғау прокуроры Қайрат Өтеутілеуовтың айтуынша, оқыс оқиғаның толық мән-жайы әлі белгісіз.

Айта кетейік, Атырау облысында «Бекіре» шарасы басталғалы бері 51 заңсыз балық аулау оқиғасы тіркелді. Сондай-ақ, браконьерлер мен алыпсатарлардан үш келі қара уылдырық, 1 тонна 400 келі балық, оның ішінде 500 келі бекіре тұқымдастар тәркіленген.

Илхам ИБРАГИМ