Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Қазақстанда шекарашылар жолдан адасқан балаларды тапты

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2014
  • 1249

Оңтүстік Қазақстанда адасып қалған екі бала шекарашылардың көмегімен табылды. Таңертең мал іздеуге шыққан сегіз жасар Ғалым мен жеті жасар Сүндет кеш батқанша үйге оралмаған. Ақыры балаларды  №20\41 әскери бөліміне қарасты «Абай» заставасының шекара қызметкерлері тапқан.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, балалардың әкесі өз бетінше іздеу жұмыстарын жүргізеді. Алайда нәтиже болмаған. Амалы таусылған әке жақын маңдағы шекара заставасына барып, қол ұшын беруді сұрайды. Шұғыл әрекет еткен шекарашылар түнгі 12-лер шамасында балаларды тапты. Екеуі де дін аман. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА