Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай астанасы Бейжің қаласында теннистен халықаралық турнир аяқталды

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2014
  • 1525

Биылғы маусымды сәтті бастап, турнир кестесінде алғашқы үштіктен орын алған Менхенгладбах қаласының «Боррусия» командасы 1 ұпайға қанағат тұтты. Бұл сында «Майнц» клубын қабылдаған Люсьен Фавренің шәкірттері 1-1 есебімен тең түсті. Бұл ойындағы алғашқы голды алаң иелерінің сапында Макс Крузе соқты.

Бірақ алаң иелерінің қуанышы көпке созылмады. Қарымта шабуылға шыққан қонақтар араға 15 минут салып, пенальтиден таразы басын теңестірді. 11 метрлікті сәтті орындаған Йонас Хофман мүлт кетпеді.

Бұл голдан кейін шабыттанған «Майнц» футболшылары есепті еселеуге мүмкіндік алды. Бірақ қорғаныста қателікке бой алдырмаған «Боррусия» командасы тең есепті ұстап қалды.



Қытай астанасы Бейжің қаласында теннистен халықаралық турнир аяқталды. Әйелдер жарысында Ресей спортшысы Мария Шарапова турнир жеңімпазы атанды. Ақтық сында Шарапова Чехия спортшысы Петра Квитовамен ракетка түйістірді. Бірінші сетте 6-4 есебімен басым түскен ресейлік теннисші үзілістен кейін босаңсып, қарсыласына жол беріп қойды. Дегенмен, керек кезде тез жиналып, ойын тізгінін қолына алатын Мария Шарапова шешуші сетте 6-3 есебімен өз пайдасына шешті.

Спорттық карьерасында 33-ші титулды ұтып алған Мария Шарапова бұл жетістігінен кейін әлемнің екінші ракеткасы атағына қол жеткізді. 


Самат ҚАНАҒАТОВ