Русский Сайттың толық нұсқасы

Алдағы 5 жылда «Самұрық-Қазына» қоры активтерінің жалпы құны екі есеге өсуі тиіс

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2014
  • 1731

Алдағы 5 жылда «Самұрық-Қазына» қоры активтерінің жалпы құны екі есеге өсіп, одан түсетін табыс 2-3 пайыз емес, 30-40 пайызға бір-ақ жетуі керек! Ұлттық қордың жұмысын трансформациялауға қатысты өткен жиында Президент осындай биік межені белгілеп берді. Еліміздегі экономикалық ахуал осы түрленістің сәтті жүзеге асуына тікелей байланысты болмақ. Сондықтан, Елбасы бұл мақсат орындалмаса, «Самұрық-Қазына»-ның басшысы Шөкеев тікелей жауап беретінін ескертті. Мөлдір Бақыт-қызы тарқатады.

Бұған дейін жаһандық дағдарыспен күреске күш салып келген ұлттық қор енді нағыз міндетіне кіріседі. Түрленген соң, «Самұрық-Қазына» қол астындағы компаниялардың табысын еселеуге, инвестиция тартуға, қысқасы, экономикалық дамуды қыз-қыз қайнатуға көшуі тиіс. Президенттің айтуынша, қазір қордың қарамағындағы әлемдік бәсекеге төтеп беретін жалғыз компания - ұлттық әуе тасымалдаушы. Басқалары түрлі критерий бойынша кенжелеп қалған. Кейбірінде табыс мол болғанымен, ашықтық жетіспейді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Казпочта», KEGOC в «Самрук-Казына» остаются локальными низкоэффективными компаниями и не могут на сегодняшний день конкурировать с аналогичными компаниями мира.

Президент 5 жылдан соң әлемдегі ең табысты «Форшн-500» компаниялары қатарына кемінде отандық үш компания кіруі керек, деді. Онда табыс 5-тен 500 млрд доллар аралығында болуы - шарт. Қазір ол тізімде Ресейдің 8 компаниясы бар. Соңғы 10 жылда қытайлық 95 компания енген. Бізден «ҚазМұнайГаз» бен «Қазақстан Темір Жолы»-ның мүмкіндігі бар.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Основными критериями вхождения в список «Форшн» являются размер выручки и прозрачность финансовой отчетности. Вот здесь у нас есть большие проблемы. По размеру выручки как минимум две компании фонда - «КазМунайГаз» и «КТЖ» уже могут войти в этот список.

Мұндай биікті бағындыру үшін, компанияның топ-менеджерлері түсініктерін түбегейлі өзгертуі қажет. «Самұрық-Қазына» директорлары кеңесінің мүшесі Сэр Ричард Гарри Эванс осының маңызын атады. Оның ойынша, «жалтақтап, Үкіметтің үкімін күтпейтін, бизнесті дамытуға құлшынысы жоғары нағыз іскер» жетекшілер трансформацияның ұйытқысы болмақ. Ал қазіргілердің осы жауапкерлішікті жете түсінбейтініне тоқталды.

Сэр Ричард Гарри Эванс, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ» директорлар кеңесінің мүшесі:

Как вы думаете, могут ли они это сделать? Честно говоря, я говорю нет.

Ұлттық қордың қызметін түрлендіруге тісқақққан әлемдік сарапшылар тартылған. Соның бірі кеңестік дәуірден қалған «әдеттерден» құтылмаса, қайыр болмайтынын айтты. Білікті маманның қадірін білмейтінімізді, олардың түсініксіз принциппен іріктелуін атап өтті. Мұның салдарынан «тыныштық» синдромына тап болатынымызды да ұмыт қалдырмай елді езу тартқызды.

Ицхак Адизес, Адизес институтының директоры:

Ол «тыныштық» синдромы деп аталды. Компания президенті немесе директоры кездесуге келеді. Онда өлі тыныштық. Ешкім сөз алғысы келмейді. Белсенділік жоқ. Яғни, бір адамның ғана миы жұмыс істейді деген сөз. Қалғандары терең ұйқыға кеткен. Білімді, талапты жастар бар. Жұмысқа қабілетті. Бұлай істеу - тұқымды тундраға еккенмен тең. Олар Қазақстаннан кетіп қалса, таң қалмаймын.

Тап осы маман таңдау мәселесіне Президент те тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Достаточно позвонить, достаточно быть знакомым, и можно устроить человека, и он там сидит просто. Вот это самая главная задача. Господин Шукеев, справишься с этой задачей - будешь работать, не справишься - не будешь работать. Правильно здесь сказано было - руководить молодыми, подготовленными, а во главе неподготовленные, так мы не сможем достичь успеха. Все, что тебе надо, мы тебе дадим. Сделай!

Ендігі кезде Ұлттық қордың еншілес компанияларына нақты табыс межесі белгіленеді. Әрбірі инвестор тартуға міндеттелмек. Құрамы ықшамдалып, 600 компания 300-ге, 9 басқарма 4-еуге қысқарады. Әлемдегі мемлекеттердің 30 пайызы трансформациялауды сәтті жүзеге асырған. Қазір олар қарыштап алға басып кетті. Бір ғана мысал, сингапурлық «Темасек» 2004-тен бері өз активтернің құнын үш есе өсірген. Ал қалған 70 пайызында трансформациялау бағдарламасы тұйыққа тірелген. Ол елдердің экономикалық ахуалы мәз емес.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Я попросил Премьер-министра, чтобы он организовал совершенно независимый мониторинг людей, независимых от наших взаимоотношений. Чтобы я лично знал, где буксует, кто буксует.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ