Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскемен облысының Риддер қаласында белгісіз инфекция балалар өліміне себеп болуда

  • AstanaTV
  • 07 қазан 2014
  • 1446

Риддер қаласында қаупті инфекция тарауда. Тіпті, қайтыс болып жатқандар да бар.

Менингококк инфекциясынан шаһарда 1 жасар нәресте мен 13 жастағы бала көз жұмды. Ал жуырда дәл сондай диагнозбен ауруханаға тағы екі оқушы түсті. Үрейленген ата-аналар балаларын мектепке жіберуден бас тартуда. Ал дәрігерлер: «уайымдауға негіз жоқ» деп сендірді.

Аурудан әбден қорыққан ата-аналар балаларының қызуы көтерілсе, бастары ауырса немесе тамағы қабынса бірден жедел жәрдем қызметіне хабарласатын болды. Ауруханада көз жұмған 13 жасар Максим мен 1 жасар Тимофейде де дәл осындай белгілер байқалған. Дәрігерлердің қойған диагнозы балалардың жақындарын таң қалдырған. Себебі, менингококк жұқпасы ауа арқылы таралады. Ал қайтыс болғандар төңірегіндегі адамдардың ешбірі сырқаттанбаған.

Лиля Нуртаева, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы Ана мен бала денсаулығы бөлімінің басшысы:

Қазір оқиға орындарында қандай белгілер кезінде дәрігерлер көмегіне жүгіну керектігі жайлы лекциялар мен семинарлар жүргізілуде. Дәрігерлердің барлығы алаңдаулы. Педиатр мен екі медбике үй-үйлерді аралауда. Біреуі жер үйлерге, біреуі көп қабатты үйлерге барып, тұрғындармен тілдесіп жатыр.

Ақ халаттылар қазір лабораториялық зерттеулер жүргізіп, үйлерді аралауға кірісті. 86 адамнан анализ алынды. Максим оқыған спорт-интернат қатысушылары да бақылауда. Дәл бұндай тексерістерден кішкентай Тимофейдің жақындары да өтті. Бірақ, барлық қорытындылар теріс. Қауіпті жұқпа табылмай отыр. Алайда Риддер қаласының ата-аналары дәрігерлердің сараптамасына күмәнмен қарайды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ