Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысының ІІД басшылығы қызметтен қуылды

  • AstanaTV
  • 07 қазан 2014
  • 1278

Атырау облысында да полицейдің табелді қаруы жоғалды. Жол-патрульді полиция батальоны бөлімшесінің командирі «Макаров» тапаншасынан айырылып қалған. Бірақ, бірнеше сағаттан кейін табылды. Дегенмен, бұл немқұрайлық салдарынан өңірлік ІІД-інің басшылығы қызметтен қуылып жатыр.

Атап айтқанда, Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, оның орынбасары, Атырау қаласы ІІБ бастығының орынбасары бірден жұмыссыз қалды. Ал қару жоғалтқан полицейдің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Айта өтейік, жуырда осыған ұқсас жағдай Шымкентте де болған еді. Ол кезде полиция сержанты табельді қаруы - Калашников автоматын кафеде түстеніп отырған кезде жоғалтып алған. Тәртіп сақшысының табельді қаруы бірнеше күннен кейін жұмбақ жағдайда табылды. Ал осы оқиғадан соң Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алтаев, Шымкент қаласы Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Бұхарбаев пен Мамаев және тағы бірнеше жетекші қызметтерінен алынып, бірқатары қатаң әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Илхам ИБРАГИМ