Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскемендегі су қоймасында медузалар пайда болды

  • AstanaTV
  • 07 қазан 2014
  • 2272

Өскемен су тоғанында мұхит мекендеушілері табылды. Жергілікті балықшылар судан медузаларды байқап қалып, ұялы телефон камерасына түсіріп алған.

Жаңалық бірден сенсацияға айналды. Мұхит мекендеушілерінің Өскемен суларына қалай жеткені жұмбақ. Алайда бейнедегі жәндіктің медуза екендігіне күмән жоқ. Жергілікті университеттің биология пәнінің оқытушылары бейнені зерттеуге кірісіп кетті. Алдын ала болжам бойынша, қала тұрғындарының бірі оларды өзімен бірге демалыстан алып келіп, Өскемен су тоғанына жіберуі мүмкін.

Қарлығаш Бұрымбетова, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ биология кафедрасының доценті:

Медузалар әдетте мұхиттар мен теңіздерде кездеседі. Олар тұщы суларды мекендемейді. Егер де бізде теңіз бен мұхит болмаса медузалардың да болуы мүмкін емес. Гидроид сыныбындағы жәндіктер тұщы суларда кездеседі.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ