Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан аймақтарында қар жауады

  • AstanaTV
  • 07 қазан 2014
  • 1192

Қазақстан аумағына суық арктикалық фронтты ауа райы жылжып келеді. Осының әсерінен қазанның 7-нен 9-ына дейін ел аумақтарында күн суытып, кей жерлерде қар жауады. Бұл туралы «ҚазГидромет» орталығынан хабарланды.

Синоптиктердің болжауынша, солтүстікте екпінді жел тұрып, түнде -8 градусқа дейін суытады. Жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Оңтүстікте түнде -3 градус, күндіз +5 градус шамасында болады. Тек батыс облыстарда әдеттегі нормадан 3 градусқа дейін көтеріліп, жылы ауа райы сақталады. Жалпы, биыл қыс ерте түсуі мүмкін. Мамандар, қазан айының ортасынан бастап жауын-шашын қарға ұласып кетеді, деп болжауда.

Илхам ИБРАГИМ