Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Инчхонда жеңіске жеткен құрама командасын құттықтады

  • AstanaTV
  • 07 қазан 2014
  • 1361

«Азия ойындарындағы Қазақстанның жетістігі Рио-де-Жанейрода өтетін 31-Олимпиада ойындарындағы болашақ жеңістерімізге жолашар болады». Кореяның Инчхон қаласында өткен 17-жазғы Азия ойындарында, табысты өнер көрсеткен еліміздің құрама командасына жолдаған құттықтауында Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Бұл туралы Ақ орданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы спортшыларды барлық қазақстандықтардың және жеке өз атынан құттықтады. «Азия құрлығының 45 елінің спортшыларымен болған қызу бәсекеде сіздер аса табандылық, шеберлік және жеңіске деген зор ерік-жігерлеріңізді көрсеттіңіздер. 84 медаль, соның ішінде 28 алтын медаль жеңіп алдыңыздар. Бұл - Қазақстанның жазғы Азия ойындарына қатысу тарихындағы ең үздік нәтиже, жаңа рекорд», - деп атап өтті Елбасы. Қазақстан құрамасы миллиондаған отандастарымыздың үмітін ақтады, - дей келе, Мемлекет басшысы спортшыларға мықты денсаулық пен жаңа жеңістер тіледі.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ