Қазақстанда интернет пайдаланушылар саны 12 миллионға
жетті. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.
«Халықтың компьютерлік сауаттылығын
арттыру үшін белсенді жұмыстар жүргізілуде. Қазір
тұрғындардың компьютерлік сауаттылық деңгейі шамамен 63 пайызға жетті. Ал,
ғаламтор пайдаланушылар халықтың 70 пайызын құрайды», - деді Исекешев.
Министр сондай-ақ, сандық телевидениемен
халықты қамту көрсеткіші жыл соңына дейін 72 пайызға жететінін айтты.
Базаркүл ОТЫНШИЕВА