WhatsApp мессенджері 22 миллиард долларға сатылды. «Рейтерс» агенттігінің хабарлауынша, оны Facebook әлеуметтік желісі сатып алған.
Бұл сома бастапқы бағадан 3 миллиардқа артық. Әуелде
WhatsApp 19 миллиард долларға сатылады, деп хабарланған еді. Келісім-шарт 6 қазанда жасалды. WhatsApp-тың қолданыстағы барлық
акциялары мен опциондары жабылды. Facebook бұл мәміле үшін өз акцияларымен қатар 5 миллиард
долларға жуық қаржы төледі.
Айта өтейік, WhatsApp - әлемдегі ең
ірі әрі танымал мобильді мессенджер болып саналады. Оның көмегімен ұялы телефон қолданушылары бір-бірімен
хабарлама, сурет, бейнежазбалар сондай-ақ, дыбыс файлдарымен жылдам алмаса
алады. Қазіргі кезде әлем бойынша оны 500 миллиондай адам қолданады.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА