Русский Сайттың толық нұсқасы

Өзбекстандағы ислам қозғалысы ИГИЛмен бірікпек

  • AstanaTV
  • 07 қазан 2014
  • 1941

Исламшылдар қатары толығуда. «Ислам мемлекетінің» содырлары қатарына тәліптерден кейін, Өзбекстанның Ислам қозғалысы ұйымының мүшелері де қосылды. Бұл жөнінде «РИА Новости» хабарлады.

Кей дерек көздеріне қарағанда, қос бірдей лаңкестік топтың біріккеніне біршама уақыт болған.

БАҚ хабарлауынша, қыркүйектің соңында болған Сириядағы әуе соққысы кезінде Өзбекстанның 17 азаматы қаза тапқан. Жуырда пайда болған тағы бір ақпарға сай, Өзбекстанның Ислам қозғалысы ұйымы содырларды соғыс тәсіліне машықтандырумен белсенді айналысқан. Осы кезде Ташкентте арнайы қызмет лаңкестікке қарсы шараларды күшейту үстінде.

Ал кей сарапшылар Сирияның қаржылай қолдауына сүйенген терроршылар Өзбекстан аумағында ғана емес, бүтін Орта Азияда күшейіп кете ме деп алаңдаулы.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА