Русский Сайттың толық нұсқасы

Украина Ресей газынан үмітті

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2014
  • 1134

Украина Ресей газынан үмітті. Елдің қыстан қысылмай шығуы үшін шамамен 9-10 миллиард текше метрдей газ керек. Бұл туралы Ресейдің энергетика министрі Александр Новак мәлімдеді.

Айтуынша, Ресей Украинаға газ тасымалын жаңғыртуға әзір. Бүгінде келісім жобасы дайындалып қойған. Бір мың текше метр газ 385 доллардан сатылады деп күтілуде. Табиғи газ тапшылығының сезіліп жатқанын Украина билігі де жасырмайды. Олар Ресей сатып алған 3 миллиард долларлық құнды қағаздардың қарызын өтемек ниетте. Бұл туралы елдің премьер-министрі Арсений Яценюк мәлімдеді. Әңгіме Ресейдің Украинаға көмек ретінде бөлген қаржысы туралы болып отыр.

Еске салайық, желтоқсанда құны 3 миллиард болатын құнды қағаз ирландиялық биржаға қойылып, оны Мәскеу сатып алған. Алайда, қаржының қайда кеткені белгісіз. Жуырда Украинаның қауіпсіздік қызметі экс-қаржы министрі Юрий Колобовқа және үкіметтің басқа да мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қозғады. Оларға аталған құнды қағазды шығару кезінде және «VTB Capital»-ға 450 мың доллар аударғанда қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылды.

Жұрағат БАМАН