Русский Сайттың толық нұсқасы

Шанхайда екпінді жел батутты ұшырып кетті

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2014
  • 1098

Батут аударылып кетті. Шанхайда бекітілмеген батуттың кесіренен 13 бала жарақат алды. Мына бақылау камерасына түсірілген видеода қатты желдің салдарынан аттракционның төңкеріліп, ішіндегі балалардың құлап жатқаны көрінеді.

Бүлдіршіндердің көп бөлігі ауыр жарақат алған. Мәселен, үш жастағы қыз бала бас және көз жарақаты салдарынан ауруханада жатыр. Ата-аналардың батут иесін сотқа беру-бермеуі туралы ақпарат әлі жоқ. Алайда, аттракцион иелерінің өкілдері балаларды емдеуге кететін шығындарды толықтай өтеуге әзір екендіктерін айтқан.

Жұрағат БАМАН