Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жылыту маусымында түтіннен улану оқиғалары тіркеле басталды

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2014
  • 2359

Өткен 9 айда Алматыда өрт оқиғалары былтырғы жылмен салыстырғанда 22 пайызға артқан. Адамдардың салғырттығы мен қарапайым қауіпсіздік ережелеріне мән бермеу салдарынан көз жұматындар саны да көбейіп отыр.

Төтенше жағдай мамандары жеке секторлардағы баспаналарға тексеру жүргізді. Әсіресе, тұрмысы төмен отбасылардың үйіндегі жылытқыш құралдарын қарап, ретке келтіруді талап етті. Электр сымдарына «салақ» қарайтын тұрғындарға да соңғы ескертулер берілді. Күннің суытуына байланысты газдан немесе түтіннен уланып, ауруханаға түскен алғашқы науқастар да тіркеліп үлгерген. Осыған орай ыстан улануға қарсы шара ретінде арнайы ақпараттық парақшалар таратылды. Ескерту алған отбасыларды өрт сөндірушілер екі аптадан кейін тағы тексереді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Алматыда 93 адам ыстан уланған, оның 41-і - жас бала.

Гүлшат Дәуренбекова, Алматы қаласы ТЖД баспасөз хатшысы:

Қарапайым өрт сақтау ережелерін қалай сақтау керек екенін, жылу пештерін қалай қосу қажеттігін түсіндіреміз. Өрт бола қалған жағдайда адам өліміне соқтырып жатады. Сол өкінішіті. Осындай істерді болдырмау үшін осындай айлықтар жүргізіп жатырмыз.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ