Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда сұйылтылған газды шетелге сатқан серіктестіктің ісі сотта қаралды

  • AstanaTV
  • 07 қазан 2014
  • 1145

Оралда көгілдір отынды саудалағандардың ісі сотта қаралды. Батыс Қазақстан облыстық көлік прокуратурасының дерегіне сай, павлодарлық «СГ Инвест Строй» серіктестігі 2012 жылдың сәуір айынан былтырғы жылдың тамызына дейін оралдық компаниядан 2 мың 192 тонна сұйытылған газды өңірдің қажеттілігі үшін деп сатып алған. Алайда кейін бұл газды «СГ Инвест Строй» нарықтық бағамен Еуропа асырады. Болгария мен Украинаға сатқан газдан компания 120 млн теңге пайда түсірген. Бұл жайында сот залында да айтылды.

Үкімет қаулысына сәйкес, мұнай өндіруші компаниялар елдің ішкі қажеттілігіне арналған газдың текше метрін 34 теңгеден сатуы тиіс. Отынның осы түрінің сыртқы нарықтағы бағасы бұдан үш еседей қымбат, 110 теңгені құрайды. Алайда айыпталушы жақтың қорғаушылары тағылған айыппен келісер емес.

Денис Воеводкин, БҚО көлік прокурорының орынбасары:

Тексеру барысында Қазақстанның ішкі нарығына арналған сұйытылған газды сыртқа сату дерегі анықталды. Осылайша, «СГ Инвест Строй» компаниясының лауазымды тұлғаларының үстінен Қылмыстық кодекстің 177-бабы – «алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір бұл іс сотта қаралуда.

Еркін ҚАРИН