Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада жаңа баскетбол маусымы ашылды

  • AstanaTV
  • 07 қазан 2014
  • 1390

Астанада жаңа баскетбол маусымы ашылды. Назарбаев университетінде өткен баспасөз маслихатында «Астана» клубының басшылығы жанкүйерлер мен БАҚ өкілдеріне жаңа ойыншыларды таныстырды.

Биылғы маусымда қазақстандық ұжымның намысын Әлімбек Оразов, Жандос Қалиев және Болат Айнабеков қорғайды. Шет елден келген спортшылар қатарында: Рашид Махалбашид, Лукша Андрич және Джейкован Браун бар. Астаналық баскетболшылар биыл үш бірдей жарыста сынға түседі. Қазақстан, Ресейдің біртұтас лигасы және Еурочелендж турнирі. Биылғы маусымдағы алғашқы кездесуін
«Астана» клубы сырт алаңда Чехияның «Нимбрук» командасына қарсы өткізеді. 

Самат ҚАНАҒАТОВ