Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркияда жаппай ереуіл салдарынан коменданттық сағат енгізілді

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2014
  • 1323

Бүгін Түркияның бірнеше қалаларында жаппай ереуіл. Әзірге 15 адам қаза тауып, жүздеген шеруші зардап шекті деген ақпарат бар. Оқиға елдің оңтүстік шығысында болды.

Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, ереуілдетіп жатқандар - күрдтер. Олар бір уақытта Диярбакыр, Мардин, Сиирт, Муш сияқты қалаларда көшеге шыққан. Қазір бұл жерлерде коменданттық сағат енгізілді. Күрдтер Түркия билігінің «Ислам мемлекеті» радикалды ұйымына қарсы жүргізіп отырған саясатына наразы. Билік лаңкестерге қарсы батыл әрекет етсін деген талаптарын қоюда.

Түркиялық БАҚ өкілдерінің мәліметтері бойынша, ереуілшілер дүкендерді талқандап, ғимараттар мен автокөліктерге бензин құйылған бөтелкелер лақтыруда.

Айта өтейік, қазір ИМ ұйымы, Сирияның Кобаны қаласын бомбалауда. Ал бұл қалада көбіне күрдтер шоғырланған. Олардың басым бөлігі Сирияның қысымынан қашып, Түркияға келген болатын.

Илхам ИБРАГИМ