Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда Қазақстан мен Ресейдің бірлескен оқу жаттығуы өтті

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2014
  • 1179

Қазақстан және Ресейдің әскери-теңіз күштері Каспийде бірлескен жаттығулар өткізіп, теңіздің экономикалық инфрақұрылымын қорғап қалды. Алдын ала әзірленген оқиға желісі бойынша террористер мұнай-кен орындарының бірін басып алмақ болады. Диверсанттар судан және көктен шабуылдайды. Оларға қос ел флоттарының кемелері бірнеше күн бойы қарсы тұрады. Тағы бір сценарий бойынша, диверсанттар әскери кемелердің бірін жарып жібермек болады. Осылайша әскери теңіз күштері өздерінің біліктілігін арттырып жатыр.

Айбек Жұманов, «Қазақстан» ракеталы-артиллериялық кемесі бастығының уақытша міндетін орындаушысы:

Екі елдің де бір-бірінен үйренетіндері бар. Олардың тәжірибелері мол екен. Ал біз болсақ, жаңа бастап жатырмыз. Жаңа құрылыммыз. Қолдан келгенше тырысып, үйреніп жатырмыз. Барлық шаралар нәтижелі өтті. Көктен де, судан да келген қауіпқе төтеп бердік. Біз жеңдік.

Жұрағат БАМАН