Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жұмысынан босаған мектеп директоры сотқа жүгінді

  • AstanaTV
  • 09 қазан 2014
  • 930

Алматыда мектеп директоры мен білім басқармасы соттаспақ. Шаһардағы жалпы білім беретін №129-мектептің бұрынғы директоры өзін жұмыстан заңсыз шығарды деп есептейді. Бұл жайтқа ол қалалық білім басқармасының басшыларын кінәлап отыр.

Татьяна Вахтоминаның шағымын келесі аптада Бостандық аудандық соты қарайды. Бұрынғы директордың қорғаушысы Айман Омарованың айтуынша, шағым иесі бір заң бұзушылық үшін екі рет жазаланып, артынан қызметінен қуылғанын заңсыз деп санайды.

Айта кетейік, мектеп басшысы сәуір айында оқушыға дөрекі сөйлегені үшін жұмыстан босаған. Одан кейін баспасөз мәслихатын ұйымдастырған педагог «оқушыларға ыстық тағамды ұйымдастырудағы байқауға кедергі келтіргені үшін» жазықты болғанын да айтқан еді.

Айман Омарова, Т.Вахтоминаның қорғаушысы:

Ол кісі тек екі ай өткен соң әкімшілік жауапқа тартылады. Еңбек заңнамасына сәйкес бір ай ішінде процессуалдық шешім шығаруы керек еді. Сосын барып тағы жарты жыл өткенде оны жұмыстан босатып отыр. Бұл заңсыз.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ