Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ Сирияның Кобани қаласын бомбалауды бастады

  • AstanaTV
  • 09 қазан 2014
  • 950

Бүгін АҚШ әуе күштері Сирияның Кобани қаласын тағы да бомбалауын бастады. Бұл жолы Құрама Штаттар Иорданиямен бірігіп, Кобанидегі «Ислам мемлекеті» радикалды ұйымына шабуыл жасаған.

Алдын ала деректер бойынша бірнеше әскери көлік пен лаңкестерді қару-жарақпен қамтитын қойманың көзі жойылған.

Айта өтейік, қазір ИМ-інің белсенділері Сириядағы күрдтер көп шоғырланған ең ірі автономиялардың бірі Кобаниді өз бақылауында ұстап отыр. Салдарынан 140 мыңға жуық күрдтер автономиямен шекаралас Түркияға қашып келді. Міне, бірнеше күн болды олар Түркияда ереуілге шығып, ел билігінің радикалды ұйымға қарсы күрестегі дәрменсіздігіне наразылық танытып жатыр. Мұнда жергілікті полицейлермен қақтығыс салдарынан 20 адамның қаза тапқаны белгілі болды.

Илхам ИБРАГИМ