Русский Сайттың толық нұсқасы

Алтай фестиваліне қатысушы туристік топ бүгін Өскеменге табан тіреді

  • AstanaTV
  • 09 қазан 2014
  • 1482

Сібірден Қытайға. Келесі жылы Шығыс Қазақстан өңірінде өтетін Алтай фестиваліне қатысушы туристік топ бүгін Өскеменге табан тіреді. Қазақстан, Моңғолия, Ресей және Қытайды біріктіретін бірегей шара Ұлан Батырдан басталды.

Мақсат - Алтай өлкесіне неғұрлым көп турист тарту. Ұйымдастырушылар Алтай тауларының сыры мен сұлулығын жан-жақты насихаттауды көздейді. Аймақтың жазығы мен ну орманын, қорғандар мен суларын жаяу, атпен және көлікпен саяхатшыларға аралатуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, көпшілікті Алтайдың тарихымен таныстырып, балық аулау, тауға өрмелеу мен дельтопланмен ұшу сайыстары ұйымдастырылады. Қазір бағыт картасы жоспарланып жатыр. Бастаманы «Алтай - біздің ортақ үйіміз» халықаралық қоғамдық бірлестігі қолдаған. Фестивальге қатысуға миллиондаған азамат қызығушылық танытуда.

Антон Сергеев, Алтай жастар туристік қауымдастығының төрағасы (Ресей):

Бұндай іс-шараның әлемде баламасы жоқ. Алтай тауларында өтетін фестиваль Алтай ойындарынан да асып түседі, деп сенеміз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ