Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасына жұмыс сапарымен келді

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2014
  • 1017

Экономика және саясат. Бүгін Белоруссия астанасы - Минск қаласында ТМД елдері басшылары кеңесінің, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің отырысы өтеді. Оған қатысу үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та Беларусь Республикасына жұмыс сапарымен келді.

Интеграциялық мәселелерден бөлек, мемлекет басшылары Украинадағы жағдайды да сөз етеді деп күтілуде. Бірақ, Украина президенті - Петр Порошенконың қатысуынсыз. Өйткені, ол бұл кеңестің отырысына қатыспайтын болды. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді. Тіпті, әлі күнге отырысқа ресми Киев атынан кімнің қатысатыны белгісіз.

Ал, Украина СІМ-нің өкілі Евгений Перебийнис «Киевтің ТМД елдерінің ең жоғары деңгейдегі саммитінен сырт қалуы, аталған кеңестің Қырым оқиғасына қатысты позициясына жауабы», - деп мәлімдеді.

Илхам ИБРАГИМ