Русский Сайттың толық нұсқасы

Республикалық және коммуналдық мүлікті сатудан ел бюджетіне 3 млрд теңге түсті

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2014
  • 1099

Соңғы бір апта ішінде республикалық және коммуналдық меншік пен ұлттық компаниялар активтерінің саудасынан мемлекет қазынасына 3 миллиард теңгеге жуық табыс түсті. «gosreestr.kz» сайтында қыркүйектің 7-сі мен 10-ы аралығында 7 келісім жасалды делінген.

«Самұрық-Қазына» қорының активтеріне сұраныс жоғары. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, жекешелендіру басталғалы еліміз бойынша жалпы құны 4 миллиард 242 миллион теңгеге 67 нысан сатылыпты. Оның ішінде 153 миллион 900 мың теңгеге 3 республикалық меншік сатылған. Коммуналдық 24 нысан 224 миллион 600 мың теңгеге саудаланыпты. 


Ал ұлттық компаниялар мен холдингтер үлесі бойынша 3 миллиард 863 миллионға 39 келісім жасалған. Қазір құны 12 миллиард 27 миллион теңгені құрайтын тағы 65 лот кезек күтуде. Оның тоғызы - республикалық меншіктегі мүлік. Сондай-ақ, сатылымда коммуналдық меншіктегі 39 және ұлттық компанияларға тиесілі 12 актив бар.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ