Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуразия Экономикалық қауымдастығы тарих қойнауына кетеді

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2014
  • 3323

14 жылдық жұмысын абыроймен атқарған Еуразия экономикалық қауымдастығы тарих қойнауына кетеді. Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Қырғызстан мен Тәжікстанның басын қосқан ұйымның қызметін тоқтату жайлы тиісті құжатқа 5 ел басшылары Минскіде қол қойды. Алайда қауымдастық хатшылығы 2015 жылдың басына дейін жұмыс істей тұрады.

Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразия Экономикалық одағы жұмысын бастайды.