14 жылдық
жұмысын абыроймен атқарған Еуразия экономикалық қауымдастығы тарих қойнауына
кетеді. Қазақстан, Ресей,
Белоруссия, Қырғызстан
мен Тәжікстанның басын қосқан ұйымның қызметін тоқтату жайлы тиісті құжатқа 5
ел басшылары Минскіде қол қойды. Алайда қауымдастық
хатшылығы 2015 жылдың басына дейін жұмыс істей тұрады.
Келесі жылдың 1
қаңтарынан бастап Еуразия Экономикалық одағы жұмысын бастайды.