Русский Сайттың толық нұсқасы

Бір топ жас Алматы метрополитенінде Аргентина тангосын биледі

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2014
  • 1016

Алматыда метро жолаушылары кезекті флешмобтың куәсі болды. Бір топ жас Аргентинада пайда болған танго биінің стилінде өнер көрсетті. Өнерпаздар ел жұмыстан қайтатын уақытты таңдаған. 

Оңтүстік Америкада кеңінен таралған бидің өз ерекшелігі бар. «Сондықтан елімізде де осы әдемі ырғақтың үлгісін көрсетіп, оған елдердің көптеп қатысуы насихатталды», - дейді ұйымдастырушылар. Ол үшін Алматыдағы адам көп қатынайтын орындардың бірі таңдап алынған. Метрополитеннің  7 бекетін аралаған бишілер жолаушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Олар түрлі мамандық иелері.  Ал жақында өнерлерін кеңейту үшін, мюзикл жазып, осы метро бекеттерінде халыққа ұсынбақ.

Евгения Кубин, шараны ұйымдастырушы:

Бұл биді өзің үшін, кез келген жерде ырғақты билеу үшін, үйреніп алған дұрыс. Біз мұнда осы жағын насихаттау үшін келдік. Ал метро неше түрлі адамдардың басын бір жерге жинайтын қоғамдық орын.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ