Венесуэлада бір келі сәбіз 20 доллар немесе 3500 теңге
тұрады. Ал спорттық аяқ киім 200 мың теңге. Бұл фотосуреттер азық-түлік пен
қажет-жарақтардың президент Уга Чавес қайтыс болғаннан кейін
қаншаға шарықтап кеткенін анық байқатады.
2013 жылы сәуірде премьер-министр Николас Мадура президент
атанды. Содан бері елдегі экономикалық ахуал төмендеп барады. Инфляция 60
пайызға жеткен, дүкен сөрелері бос, ең қажетті заттар жоқ. Азық-түлік дефициті үкіметті сауда-саттықты
шектеуге мәжбүрлеп отыр. Ең аяғы - венесуэлалықтардың саусақ ізін тексеруге
көшкен. Ол тұтынушылардың артық тауар алмауын қадағалау үшін қажет.
Елде ең төменгі жалақы небәрі 42,5
доллар. Мемлекет экономикасы күн өткен сайын
құлдырып барады. Бір қызығы - Венесуэла мұнай қоры бойынша әлемдегі
бай елдердің бірі. Былтыр «қара алтын» қоры
300 миллиард баррельге бағаланған.
Мөлдір ДҮЙСЕКИНА