Русский Сайттың толық нұсқасы

Венесуэлада бір келі сәбіз 20 доллар немесе 3500 теңге тұрады

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2014
  • 1650

Венесуэлада бір келі сәбіз 20 доллар немесе 3500 теңге тұрады. Ал спорттық аяқ киім 200 мың теңге. Бұл фотосуреттер азық-түлік пен қажет-жарақтардың президент Уга Чавес қайтыс болғаннан кейін қаншаға шарықтап кеткенін анық байқатады.

2013 жылы сәуірде премьер-министр Николас Мадура президент атанды. Содан бері елдегі экономикалық ахуал төмендеп барады. Инфляция 60 пайызға жеткен, дүкен сөрелері бос, ең қажетті заттар жоқ. Азық-түлік дефициті үкіметті сауда-саттықты шектеуге мәжбүрлеп отыр. Ең аяғы - венесуэлалықтардың саусақ ізін тексеруге көшкен. Ол тұтынушылардың артық тауар алмауын қадағалау үшін қажет.

Елде ең төменгі жалақы небәрі 42,5 доллар. Мемлекет экономикасы күн өткен сайын құлдырып барады. Бір қызығы - Венесуэла мұнай қоры бойынша әлемдегі бай елдердің бірі. Былтыр «қара алтын» қоры 300 миллиард баррельге бағаланған.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА