Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлемдік нарықтағы мұнай бағасының құлдырауы жалғасуда

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2014
  • 1512

Мұнай бағасы тағы түсіп кетті. Бүгін Brent маркалы мұнайдың барреліне 88,98 долларға дейін төмендеді. Себеп - Ирак Азия мен Еуропаға сатылатын «қара алтын» бағасын төмендетпек.

Аталмыш мемлекет мұнай өндірісі бойынша Сауд Арабиясынан кейінгі екінші орында тұр. Бұған дейін елдің State Oil Marketing ұлттық компаниясы мұнай бағасын қарашадан бастап түсіретінін хабарлаған. Ал одан бұрын Сауд Арабиясы Азияға келесі айда «қара алтынды» соңғы алты жыл ішіндегі ең төмен бағамен шығаратынын мәлімдеді. Жалпы жыл басынан бері мұнай бағасы 20 пайызға төмендеген. Бұл жағдай тұтынушы елдер үшін тиімді. Қысқа қарай әдеттегідей, қайта өсуі мүмкін, дейді сарапшылар. Жалпы өндіріс көлемі барлық елдерде артқан. Алайда әлемдік экономика қарқыны бәсең, демек, мұнайға да сұраныс шамалы.

ОПЕК-тің мәліметінше, өндіріс соңғы үш жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Ливия тәулігінде 250 мың, Ирак 135 мың баррель өндіреді.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА