Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде 5 жасар бүлдіршін жоғалып кетті

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2014
  • 1501

Ақтөбеде 5 жасар бүлдіршін жоғалып кетті. 10 қазанда Темірлан Сәндібаев шарбақ сыртына ойнауға шыққан. Шамамен 10 минут өткен соң ізінше шыққан анасы оны әлі таба алмай отыр. Балғынның жоғалғанына 3 күн өтті. Алайда ол туралы әзірге еш дерек жоқ.

Ардагер Уайдин, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Қала тұрғындары жоғалған балаға бей-жай қарай алмай, полиция бөліміне іздестіру жұмыстарына араластыруы жөнінде көптеген хабарламалар түсіп жатыр.

Полицейлермен бірге әскерилер, оған қоса 200-ге жуық ерікті, шаһардың түкпір-түкпірін шарлауда. Қаланың ескі бөлігі мен сүт зауыты ауданында жүруі мүмкін деген ақпарат болған. Сондықтан еріктілердің басым көпшілігі сол ауданды мұқият тексеруге кірісті. Жоғалған баланың бойы 110 см. Ақ түсті күрте, көк бас киім мен спорттық шалбар киген. Аяғында қара түсті етігі бар. Осындай деректеме жазылған тұспалдау қағаздары әрбір аялдама мен халық көп жиналатын орындарға жапсырылған. Іздеушілер кез келген ақпаратпен бөлісуді өтінеді.

Гауһар Бақтиярова, ерікті:

Осы баланы табуға көмектесулеріңізді өтінеміз. Көліктеріңіздегі бейнетаспаны мұқият қараңыздаршы. Бәлкім түсіп қалған болар. Оны байқамау мүмкін емес. Спорттық киім киген. Қара түсті угги аяқ киім, көк түсті бас киім мен ақ түсті капюшоны бар күрте киген. Біз үшін кез келген ақпарат маңызды.

Мансұр ЕСҚОЖИН