Русский Сайттың толық нұсқасы

Қасым-Жомарт Тоқаев РФ-на ресми іс-сапарында екі ел арасындағы қызметтестіктің жоғары әлеуетіне назар аударды

  • AstanaTV
  • 14 қазан 2014
  • 966

Ресей Федерациясына ресми іс-сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Сенатор спикері екі ел арасындағы қызметтестіктің жоғары әлеуетіне назар аударды. Палаталар басшылары Еуразиялық экономикалық одақ келісімін ратификациялау кезіндегі парламентарийлердің нәтижелі жұмыстарын атап өтті. Тоқаев ресейлік әріптесіне Қазақстан Парламенті Сенаты 9 қазан күні тарихи құжаттың ратификациялануы жөніндегі заңды қабылдағанын жеткізді. Сондай-ақ, кездесуге сенатор Жеңіс Нұрғалиев пен Владимир Бобров қатысты.

Жұрағат БАМАН