Русский Сайттың толық нұсқасы

Гонконгта қақтығыстар шиеленісе түсуде

  • AstanaTV
  • 14 қазан 2014
  • 936

Гонконгта үкіметке қарсы наразылық білдірушілер мен олардың қарсыластары арасындағы қақтығыстар шиеленісе түсуде. Пекинді жақтаушы 200-ге жуық адам көк көйлек киіп, беттерін бүркемелеп көшелерге шықты.

Куәгерлердің айтуынша, «маска» киген адамдар «Жолды босатыңдар!», «Тоқтатыңдар» деп ұрандап, бірнеше қоршауларды бұзбақ болған. Осы орайда жергілікті билік қаладағы көлік кептелісінің алдын алу үшін, көшелерді тазалап жатқандықтарын алға тартуда. Гонконгтық студенттердің наразылық шеруіне шыққандарына екі аптадай уақыт өтті. Басында олар демократиялық сайлау өтуін талап етсе, енді автономияда саяси реформалар өтуін қалайтындықтарын жариялауда. Ал басты талаптары ол - Гонконг әкімшілігінің басшысы Лян Чжэнъиннің кетуі.

Жұрағат БАМАН