Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлыбритания дәрігерлері ереуілге шықты

  • AstanaTV
  • 14 қазан 2014
  • 1054

Британия және Солтүстік Ирландия елдерінің ұлттық денсаулық сақтау қызметінің мыңдаған медициналық қызметкерлері 4 сағаттық ереуілге шықты. Олар жалақының аздығына шағымдануда. Ең қызығы - кіші медициналық персонал қызметкерлері жалақыларының бір-ақ пайызға өсуін сұрауда.

Алайда билік тарапы, осының өзі бюджетке арзан соқпайтындығын айтуда. Ал денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметінің хатшысы ереуілге шыққандарға ренжулі. Оның айтуынша, жалақы 2010 жылдан бастап біраз көтерілген және олар орныққан межеден аса алмайтын көрінеді. Ереуіл жергілікті таңғы сағат 7:00-де басталған. Акцияға алты кәсіподақтың мүшелері, оның ішінде медбикелер мен акушерлер қатысқан.

Айта кетерлігі, акушерлердің корольдық колледжі ереуілге өз тарихында бірінші рет шығып отыр.

Жұрағат БАМАН