Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев Миланда өтетін «Азия-Еуропа» форумының оныншы саммитіне қатысады

  • AstanaTV
  • 14 қазан 2014
  • 1012

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Миланда өтетін «Азия-Еуропа» форумының оныншы саммитіне қатысады. Бұл туралы Ақ орданың баспасөз қызметі ақпарат таратты.

16-17 қазанда Қазақстан Президенті Миланға ат басын тірейді. Сапар барысында ол «Азия-Еуропа» форумының оныншы саммитіне қатысып, бірқатар екі жақты кездесулер өткізеді, - делінген хабарламада.

«Тұрақты даму мен қауіпсіздікті нығайту жолындағы жауапты серіктестік» тақырыбымен өтетін форумға әлемнің 50-ге жуық елдің президенттері мен үкіметтері басшылары қатыспақ. Қазақстан - аталған форум мүшесі мәртебесіне ие болған Азиядағы жалғыз мемлекет.