Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Миланда
өтетін «Азия-Еуропа» форумының оныншы саммитіне қатысады. Бұл туралы Ақ орданың
баспасөз қызметі ақпарат таратты.
16-17 қазанда Қазақстан Президенті
Миланға ат басын тірейді. Сапар барысында ол «Азия-Еуропа» форумының
оныншы саммитіне қатысып, бірқатар екі жақты кездесулер өткізеді, - делінген
хабарламада.
«Тұрақты даму мен қауіпсіздікті
нығайту жолындағы жауапты серіктестік» тақырыбымен өтетін форумға әлемнің 50-ге
жуық елдің президенттері мен үкіметтері басшылары қатыспақ. Қазақстан - аталған
форум мүшесі мәртебесіне ие болған Азиядағы жалғыз мемлекет.