Бесінші шақырылымдағы
Мәжілістің жұмысы күрделі кезеңдерге тап келді. Әсіресе биыл Елбасының «100
нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыру тұрғысында қабылдануы тиіс заң жобаларын
жедел қарастыруда депутаттар кәсіби біліктілігін көрсете білді. Саясаттанушылар
парламенттің төменгі палатасының тарихи миссиясы ойдағыдай аяқталып келеді деп
баға берді.
Ерғали Омарғазы, саясаттанушы:
Әлемде болып жатқан өзгерістер
бір шетінен болсын Қазақстанға өзінің әсіресе саяси экономикалық тұрғыда әсерін
тигізеді. Сондықтан да бұл біздің еліміздің заңының қабылдаудағы жауапты
тұлғалардың өзіндік жұмыс өрнегі күрделі болды деп айтамын. Жас кадрлар, әсіресе жас депутаттар келеді деген үміттеміз. Өйткені Елбасының өзі осыған
үлкен акцент беріп, сеніммен қарап отыр, елдің болашағы жастар деп.
Асқар Нұрша, Тұңғыш Президент
қоры жанындағы саясат және әлемдік экономика институтының бас маманы:
Қаржы нарығындағы өзгерістер,
мұнай бағасының құлдырауы экономикалық тұрғыдан бізге тиімсіз екенін көрдік.
Қазақстаннан шығатын өзге шикізаттарға бағаның қалай боларын болжау қиын. Мұның
ұзаққа созыларын да білеміз. Ендеше алдағы екі-үш айда заң шығарушы органның
жаңа құрамын бекітіп алып, келетін барлық қауіп-қетерлерге дайын отырғанымыз
жөн болады деп есептеймін.
Ришат
АСҚАРБЕКҰЛЫ