Русский Сайттың толық нұсқасы

300 млн қытайлықтың психологиялық проблемалары бар

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2014
  • 1342

Қытайда 300 миллионға жуық адам психологиялық ауруларға шалдыққан. Бұл туралы «Жэньминь жибао» басылымы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сілтеме жасап мәлімдеді.

Мақалада бұл аурумен көбінесе қарапайым жұмысшылар ауыратындығы жазылған. Халық күйзелісі тұрақсыз жұмыс және қоғамда өсіп келе жатқан бәсекелестікпен байланысты болып отыр.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, қытайлықтардың 80 пайызға жуығы ашушаң күйде жүретіндіктері анықталды. Алпыс пайызы «белгісіз қобалжуға» берілетін көрінеді. Көбісі, тіпті «депрессияға» шалдыққан. Тек 6 пайыз қытайлықтар өздерін еркін сезінетіндіктерін айтқан.

Бір қызығы, «депрессияға» көбіне жастар бейім екен. Ал отбасын құрған, ересек қытайлықтар арасында психологиялық аурулар сирек кездесетін көрінеді.

Жұрағат БАМАН