Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев: Азия мен Еуропаға өзара ықпалдастықтың мүлде жаңа негізін қалау қажет

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2014
  • 1557

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Миландағы «Азия-Еуропа» форумының 10-саммиті аясында Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельмен кездесті. Тараптар сауда-экономика, инвестиция салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту жайын талқылады. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде сондай-ақ өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері сөз болды. Айта кетейік, Италияның Милан қаласында «Азия-Еуропа» форумының 10-саммиті отуде. Оның жұмысына Қазақстан Президенті де қатысуда. Елбасы алқалы жиында «Қазақстан ұсынған «G-GLOBAL» бастамасы экономика және қаржы саласындағы халықаралық әрекеттерді үйлестірудің платформасына айналуы мүмкін» екенін жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаев Азия мен Еуропаға өзара ықпалдастықтың мүлде жаңа негізін қалау қажет болып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан «Азия-Еуропа» форумының толыққанды мүшесі ретінде диалог пен ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты көмек көрсетуге әзір екенін мәлімдеді.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА