Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтаудағы жетімдер үйінің 72 тәрбиленушісінің денелерінен көгерген мен қан талаған іздер анықталған

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2014
  • 1843

Ақтаудағы жетімдер үйінің 72 тәрбиленушісінің денелерінен көгерген мен қан талаған іздер анықталған. Бұл туралы қалалық прокуратураның 9 айды қорытындылаған жиынында прокурор Талғат Әлібаев айтты  Бірақ балалардың дене жарақаттары қалай пайда болғаны әзір белгісіз. Қалалық ішкі істер департаментіне еш арыз түспегендіктен, тергеу де жүргізілмепті. Қазір прокурорлар балалар үйлерін жіті тексеруге алғанын айтты.

Жиында жуырда балалар үйінің бір кездегі тәрбиеленушісінің есеп шотындағы ақшасының қолды болғаны да көптің есіне салынды. Кәмелет жасқа толған жетімнің шотынан 400 мың тенге жоғалған болатын. Прокуратура тексере келе жарты ақшаны туғаны алғанын анықтапты. Ал қалғаны қайда кеткенін құзырлы орган әлі тексеріп жатыр. Осы оқиғадан кейін қадағалаушы орган интернаттағы жетім балалардың жеке есеп шоттарын бақылауға алған.

Талғат Әлібаев, Ақтау қаласының прокуроры:

Анықталған деректі тексеруді жалғастыруды Жаңаөзен қаласындағы әріптестерімізге жолдадық. Өйткені банктағы есеп шоттардан ақшаны шешу сол қалада болған. Интернаттың бұрынғы тәрбиеленушісі көрсеткендей, қаражатты әпкесі алуы мүмкін. Осы күні тексеріс жүріп жатыр. Жақында Жаңаөзендегі прокурорлар бізге ақпарат беруі тиіс.

Б.ХАСЕНОВ