Бүгін Байқоңырдан атышулы «Протон-М» зымыран
тасығышы ұшырылады. Бұл - 2013 жылғы апаттан
кейінгі екінші ұшырылым.
Протон Астана уақытымен 21 сағат 9
минутта көкке көтеріледі деп жоспарланып отыр. Бұл
туралы «РИА Новости» ақпарат агенттігіне «Роскосмос» өкілі
мәлімдеген.
Айта өтейік, «Протон-М» зымыран
тасығышының ұшырылуына байланысты елімізде бірнеше рет қарсылық пікірлер
айтылған еді. Бұл жағдайлар 2013 жылдың 2
шілдесінде апатқа ұшыраған зымыраннан кейін орын алды. Сол кезде қазақ жеріне
бірнеше жүз тонна улы отын - гептил төгілген болатын.
Илхам ИБРАГИМ