Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін Байқоңырдан атышулы «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылады

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2014
  • 1005

Бүгін Байқоңырдан атышулы «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылады. Бұл - 2013 жылғы апаттан кейінгі екінші ұшырылым.

Протон Астана уақытымен 21 сағат 9 минутта көкке көтеріледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы «РИА Новости» ақпарат агенттігіне «Роскосмос» өкілі мәлімдеген.

Айта өтейік, «Протон-М» зымыран тасығышының ұшырылуына байланысты елімізде бірнеше рет қарсылық пікірлер айтылған еді. Бұл жағдайлар 2013 жылдың 2 шілдесінде апатқа ұшыраған зымыраннан кейін орын алды. Сол кезде қазақ жеріне бірнеше жүз тонна улы отын - гептил төгілген болатын.

Илхам ИБРАГИМ