Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде жоғалған бала Темірлан Сәндібаевты іздеуге адам қолы аздық етуде

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2014
  • 1954

Ақтөбеде жоғалған 5 жастағы Темірлан Сәндібаевты іздеу жалғасып жатыр. Әсіресе, еріктілер белсенді. Олар шаһарда шарлап, қазір саяжайларды аралап жүр. Бірақ, алғашқыдай емес, адам қолы аздық етуде, дейді. Олар әлеуметтік желілер арқылы қосымша көмек сұрап отыр. Жоғалған баланы іздеу жұмыстарын таспаға түсіріп, ғаламторда «Біз сені табамыз» атты бейнеролик таратқан.

Темірлан Сәндібаевтың жоғалғанына 10-шы тәуліктен асып кетті. Полицейлерден ешқандай хабар болмай тұр. Көріпкелдерден де көмек аз. Дейтұрғанмен, еріктілер іздеуді тоқтатпаймыз, дейді. Күніне бірнеше көлікпен күдік тудырар орындардың барлығын аралау әдетке айналған. Өткен аптада Темірланның туғандары бүлдіршінді аман-есен қайтарған азаматқа кез келген көлемде сыйақы беретіндігін айтқан еді. Олардың пайымынша, Темірлан Сәндібаевты көлік қағып кетуі мүмкін немесе ұрлап әкеткен азамат оны қалай қайтаруды білмей отыр.

Есен Құламанов, ерікті:

Күн салқын, ауа райы да кедергі келтіріп жатыр. Бірақ кедергі келтіргеніне қарамастан баланы іздеп жатырмыз. Табамыз деген үміт бар.

Мансұр ЕСҚОЖИН