Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте Қаратау арқарын атып алған орманшы сотталды

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2014
  • 1708

Оңтүстік Қазақстан облысында орманшы мемлекетке 3 млн теңгеге жуық айыппұл төлеуге міндеттелді. Бәйдібек ауданы сотының дерегінше, орманға жауапты адам қызмет бабын асыра пайдаланған.

Дәлірек айтсақ, ол аңшылық кезінде «Қызыл кітапқа» енген «Қаратау арқарын» атып алған. Оқиға биыл шілденің 6-сы күні болған. Отыз жастағы орманшы Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің Боралдай бөлімшесінде қызмет етіп келген.

Аудандық сот таратқан жазбаша ақпаратта, табиғат жанашыры сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төнген «Қаратау арқарын» өзімен бірге алып жүрген атыс қаруымен қасақана атып алған. Бұл үшін аудандық сот екі жылға шартты түрде жаза кесті. Істі қараған Бәйдібек аудандық сотының төрағасы Әбдіғаппар Бекназаров айыпталушының кәмілет жасына толмаған төрт бірдей баласы барын ескеріпті. Табиғат қаскөйі енді 2 млн 778 мың теңге төлеуге міндеттелген.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ